Индустрияландыру өрге сүйрейді

Дамыған елдердің тәжірибесінен ұққанымыз – өнеркәсіп өркендемей экономика алға баспайды. Ол неғұрлым күрделі әрі әртүрлі салалардан тұратын болса, экономиканың да тұрақтылығы артады.

Өнеркәсіп Жамбыл облысы экономикасының негізгі салаларының бірі саналады.

Бүгінгі таңда облыста өнеркәсіп саласында барлығы
749 кәсіпкерлік субъектілері жұмыс атқарады (15 ірі, 23 орта, 711 шағын кәсіпкерлік субъектілері).

Аталған өнеркәсіп кәсіпорындарында 40 мыңға жуық
(40 556) адам жұмыс істейді.

2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында Жамбыл облысының өнеркәсіп кәсіпорындарымен 184,1 млрд. теңгеге өнім өндіріліп, 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 106,2% құрады.

Облыста тау-кен өнеркәсібінде негізінен толық циклды өндіріс орындары жұмыс атқаруда («Қазфосфат», «Еврохим», «Алтын Алмас», «Жамбыл Гипс», «Қаратау Про», «ЖЦПК» және б.).

2021 жылдың тоғыз айының қорытындысымен өңдеу өнеркәсібінде еңбек өнімділігі 22,1 мың АҚШ долл. құрап, 2020 ж. тиісті кезеңімен салыстырғанда 115,7 % құрады.

Comments (0)
Add Comment