Индонезияда жанартау атқылауынан қаза тапқандар саны 14 адамға жетті. Тағы жүзге жуық тұрғынның денесін күйік шалды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz cайтына сілтеме жасап.
Құтқару операциясы қазір де жалғасып жатыр. Билік апат аймағына жақын жерде тұратындардың барлығын эвакуациялайды.
Құтқарушылардың жұмысын жүргізуге аралды жайлаған қалың түтін қиындатты.
Еске салайық, Семеру жанартауы бір күн бұрын белсенді түрде атқылай бастады. Бұл – Ява аралындағы ең биік шың.
Соңғы рет ол осы жылдың ақпан айында атқылаған. Бірақ ол уақытта адамдар эвакуацияланып үлгерген. Бұл жолы жанартау атмосфераға көп мөлшерде күл шығарды.
Жанартау атқылап, жерге төгілген, асфальтті ерітіп жіберген, сондықтан жолмен жүру мүмкін болмай қалған.
“Мен уақытша баспанада тұрып жатырмын. Адамдар мұнда үйлері қирағандықтан келді. Оларда тамақ, су жоқ. Біз мұнда қанша уақыт тұруға болатынын білмейміз”, – дейді ерікті Ахмад.