Індеттің бес толқынын бастан өткердік

Жамбыл облысы «жасыл» аймақта

Бүгінде республика бойынша коронавирустық инфекцияның таралуы баяулап, эпидахуал тұрақталып келеді. Қазіргі таңда Жамбыл өңірі «жасыл» аймаққа өтіп, өткен тәулікте коронавирустық инфекцияның 3 жағдайы ғана анықталды.

Жалпы пандемия басталғаннан бері облыста коронавирустық инфекцияның 5 кезеңдік толқыны байқалған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте санитария- лық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Неили Муликова баян етті.
– Облыста жаңа коронавирустық инфекцияның алғашқы жағдайы 2020 жылдың 24 наурызында тіркелді. Осы уақытта ҚР аумағында 2020 жылғы 16 наурыз бен 11 мамыр аралығында төтенше жағдай енгізілді. Бірінші толқын 2020 жылдың маусым-тамыз айлары аралығында болды. Ол кезде күн сайын орташа есеппен КВИ ауруының 100 жағдайы тіркелді. Осы кезеңде бүкіл ел бойынша карантиндік шектеу шаралары енгізілді. Екінші толқын кезінде 2020 жылдың желтоқсанынан 2021 жылдың ақпанына дейін тәулік сайын аурудың орташа есеппен 70 жағдайы анықталды. Осы кезеңде объектілердің эпидемиологиялық қауіпсіздігін ескере отырып, олардың қызметін шектеу критерийлері әзірленді. Халықты індетке қарсы вакцинациялау басталды. Үшінші толқын 2021 жылдың сәуір-маусым айларында күнделікті 150 жағдай тіркеліп отырды. «Ashyq» мобильді қосымшасы енгізілді, оқушыларды аралас оқытуға рұқсат етілді, вакцинация жалғас- тырылды. Төртінші толқын 2021 жылдың шілдесінен тамыз айының соңына дейін орта есеппен тәулік сайын 200 адам КВИ жұқтырды. «Қызыл» аймақта орналасқан өңірлерде шектеу шараларын күшейту шаралары қабылданды, халықты ревакцинациялау әзірленді. 2022 жылдың қаңтар-ақпан айларының басындағы бесінші толқында аурудың 300 жағдайы анықталып, ең жоғары шыңына жетті, – деді департамент басшысының орынбасары.
Ал ағымдағы жылдың 12 ақпанынан бастап облыс- та коронавирус індетімен аурушаңдық төмендеді. Бүгінгі таңда эпидемиологиялық жағдайды бағалау- ды ескере отырып, карантиндік шаралар барынша жеңілдетілуде. Десе де, халықты вакцинациялау және қайта вакцинациялау жалғасуда.

Зере Қуаныш

Comments (0)
Add Comment