Илон Маск жаңа әлеуметтік желі ашқысы келеді

Миллиардер өз жоспарларымен әлеуметтік желідегі парақшасына  жазылушыларымен бөлісті.

Америкалық кәсіпкер, SpaceX және Tesla компанияларының басшысы Илон Маск жаңа әлеуметтік желі құру туралы шындап ойланып жүргенін айтты.

Маск әлеуметтік желідегі парақшасында цензура мен үгіт-насихат мәселесін бірнеше рет көтерген. Жазбалардың бірінде жазылушы Tesla басшысы насихат аз болатын жаңа әлеуметтік желі құруға дайын ба деп сұрады.

«Мен бұл туралы шындап ойлап жүрмін. Маған жаңа платформа керек пе?» деп жауап берді Илон Маск.

 

Америкалық Tesla Motors компаниясы 2003 жылы электр көліктері мен оларға қатысты технологияларды әзірлеуші ​​және өндіруші ретінде құрылған.

Электр көліктерінен басқа, компания өз технологиясын қолдана отырып, аккумуляторлар мен электр қозғалтқыштарын шығарады және оны Toyota және Daimler сияқты басқа автомобиль компанияларына сатады.

Comments (0)
Add Comment