Ілкімді істер – ілгерілеудің көрсеткіші

Жаңатас қаласында бірқатар әлеуметтік жобалар сәтті жүзеге асырылып келеді. Соның бірі – «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі» шегінде 30 млн. теңгеге «Жаңатас ВЭС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі есебінен «Даңқ» монументіне фонтан салынды.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен былтырғы жылы мен биылғы жыл басынан бері қала тұрғындарымен 8 кездесу өткізіліп, 700-ден аса тұрғын қатысты.

Тұрғындарды әлеуметтік қолдау шаралары да тұрақты ұйымдастырылып келеді. 2025 жыл басынан 136 отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, 18 (70 адам) отбасыға 310,4 мың теңге тұрғын үй жәрдемақысы төленді.

2024 жылдың 5 айында қаладағы 181 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, 49 (144 адам) отбасыға тұрғын үй жердемақысы төленді 547,8 мың тг.).

Бүгінде қалада 18 шаруа қожалығы белсенді жұмыс істеуде. Бұл шаруа қожалықтары 56 азаматты тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

Мал басы саны 420 басқа артты (мүйізді ірі қара 218 басқа,  жылқы 56 басқа және құстар 62 басқа).

Қазіргі таңда 5 шаруа қожалығы асыл тұқымды шаруа қожалығы мәртебесін алған. 1 шаруа қожалығы 90 бас асыл тұқымды мүйізді ірі қара («Абылай» ШҚ 90 бас Ақбас сиыры) және 4 шаруа қожалығы 3664 бас қазақтың қылшық жүнді құйрықты қойын өсіруде. («Жарасбек-ата» ШҚ 750 бас, «Тәуекел» ШҚ 1090 бас, «Айтуған» ШҚ 1100 бас, «Әлішер» ШҚ 724 бас).

Қала тұрғындары 482 сиырын 2 қоғамдық падаға (1 пада – 218 бас, 1 пада – 264 бас) шығарады. Бұл падада 2 бастан 4 бұқа бар.

Қала тұрғындары малдарын жаюға 4,5 мың гектар жайылым жер бекітіліп берілген.

Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағаларын тұрақтандыру мақсатында 2 әлеуметтік дүкен қызмет атқаруда. («Батыр-Бек», «Шадияр»).

Жыл басынан бері қаламызда 10 мәрте азық-түлік жәрмеңкелері ұйымдастырылды.

Ілияс Домалақов,

Жаңатас қаласының әкімі

Comments (0)
Add Comment