Англия патшайымы Елизавета II Шотландиядағы Балморал сарайында қайтыс болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
8 қыркүйекте БАҚ 96 жастағы патшайымның кенеттен өзін нашар сезінгенін хабарлады. Көп ұзамай сарайға корольдік отбасы мүшелері – мұрагер ханзада Чарльз және патшайымның немересі ханзада Уильям, ханзада Эдвард Анна ханшайыммен, ханзада Гарри әйелі Меганмен жиналды. Патшайымның денсаулығының нашарлағаны туралы хабардан кейін ресми резиденцияға қарапайым халық жинала бастады.
7 қыркүйекте корольдік баспасөз қызметі денсаулығының нашарлығына байланысты II Елизавета корольдік жеке кеңес отырысын кейінге қалдырғанын хабарлады. Бір күн бұрын Балморал сарайында патшайым бұрынғы премьер-министр Борис Джонсонның отставкасын қабылдап, Ұлыбритания жаңа премьер-министр етіп таңдаған Лиз Трусспен кездесті. Королева жаңа үкіметті құруға және жаңа министрлерді тағайындауға тапсырма берген болатын.