Хоккей лигасында гол жіберіп алған қақпашы қорғаушыны ұрды

Қазақстандық қақпашы қорғаушыны ұрды. Оқиға қазақстандық хоккей лигасының «Ақтөбе» мен «Торпедо» арасындағы матчінде болды,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Өскемендік қақпашы Антон Осокин гол жіберіп алғаннан кейін команда қорғаушысы Кирилл Индюковты ұрып жіберген. Оқиғаның видеосы Желіде жарияланды.

Матч 7:2 есебімен «Ақтөбе» пайдасына шешілген.

Бұл жеңістен кейін «Ақтөбе» тоғыз ұпаймен үшінші орында, ал алты ұпайы бар «Торпедо» алтыншы орында тұр. Барлығы 12 құрам жарысқа түскен.

Comments (0)
Add Comment