«Хас сұлудың өзі»: Гүлзира Айдарбекова сандықта сақтаған ескі суреттерін көрсетті

Гүлзира Айдарбекова сандықта сақтаған мұрағаттағы ескі суреттерін көрсетті. Кадрлардан Гүлзира Үсенқызының жас кезін, Қайрат Нұртастың бала кезін көруге болады. Көпшілік Айдарбекованың табиғи сұлулығына қайран қалып, кенже ұлы Ханның Қайраттан аумайтынын айтты, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Ескі суреттерді оқта-текте қарап қоясыздар ма? Осы суреттерді бөлек титтей сандықшаға бөлек салып қойыппын. Не деген зымырап жатқан уақыт десеңізші. Әрбір күнің тарих демекші, бір күніміз түгілі бір сағатымыз қайта келмейді, әр күніміз өз ерекшелігімен.

Кейде жолдасым сұрап қояды, сол күндер қайта келсе маған тиер ме едің деп, мен Нүрекең қайтер екен деп “жоқ та” деп қоямын. Сөйтсем: «Онда сен Қайратты тумайтын едің ғой”, дейді. Халықтың алдыңда жүрген соң, қалай жүрсе де, қалай сөйлесе де дауы да, жауы да, тіптен ештеңеге қарамастан, өзінің бар болмысымен қабылдап қатты жақсы көретін адамдары да көп. Сол себепті менің қатты алаңдайтынымды біледі ғой. Мен де қалыспай, сен ше, уақытты қайта артқа айналдырса кімге үйленуші едің десем, ойланбастан сені алушы едім дейді. «Алла мені сенен сәл бұрын алсын, кейінге қалып қор болмайын» деп ер азамат болғасын қарт шағын да ойлап қояды, ешкімге күнімді салмасын деп.

Адам жасы келген сайын бір-біріне бауыр басып, оның үстіне балалар ортақ, уайым мен қуанышың, ақылдасатын тіршілік пен тірліктерің, ағайын мен достарың бәрі ортақ болған соң, ерлі-зайыптының өмірі де ортақ болып кетеді екен ғой. 5 күн жалғанда ит пен мысықша ырылдаспай, бір-бірімізді қадірлеп, ұрпағымыз аман болып, абыроймен бір жастықта қартаюды, Алла өзіме де, барша оқырмандарыма да жазсын!» –  деп жазды Айдарбекова.

Сонымен қатар, Гүлзира Үсенқызы ескі суреттерін жариялады. Көпшілік Гүлзира ханымның жас кезден табиғи сұлу екенін атап өтті. Сондай-ақ, Қайраттың бала күнгі суреттерін көрген жұрт оның кенже ұлы Ханды көргендей болғандарын айтты.

Comments (0)
Add Comment