Ақын, журналист Хамит Есаман «Aq jol» газетінің бас редакторы болып тағайындалды.
Хамит Ерболатұлы 1986 жылы Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Тереңөзек ауылында дүниеге келген. Тараз қалалық «Жамбыл-Тараз», облыстық «Арай» жастар газетінде қызмет еткен. Осы уақытқа дейін республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі болып жұмыс істеп келді.
Х. Есаманның өлеңдері республикалық басылымдарда жарияланған, жас ақындардың ұжымдық жинақтарына енген. 2008 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің арнайы бағдарламасы бойынша «Жалын» баспасынан «Ағаштың бүрі» атты тұңғыш өлеңдер жинағы шыққан.