Халық өз таңдауын жасауда

Бүгін елімізде жалпыұлттық референдум басталды.
Дауыс беру Нұр-Cұлтан уақытымен 7:00-де басталып, 20:00-ге дейін жалғасады.
Республикада барлығы 10 013 референдум учаскесі бар. Соның ішінде Тараз қаласындағы №75 учаскеде өз таңдауын жасауға келген халықтың саны сәт сайын артуда. Мұнда 2276 дауыс беруші тіркелген.
Таң азанымен алғаш болып дауыс беруге келгендердің бірі – 18 жасар Райымбек Назымхан.
– Елімізде осындай іргелі өзгерістердің болып жатқаны мені қуантады. Мемлекетіміздің кемел келешегі біз секілді жастардың қолында. Сол үшін мен өз таңдауымды жасауға келдім. Осы орайда еліміздің дауыс беруге құқығы бар әрбір азаматын өз таңдауын жасауға шақырғым келеді. Жаңа Қазақстанның іргетасын бірге қалайық, – дейді Райымбек.
Ең жас дауыс берушіге референдум комиссиясы домбыра сыйға тартты.

Comments (0)
Add Comment