Биыл еліміздегі ең ірі қоғамдық-саяси науқан – Қазақстан Республикасының Ұлттық халық санағы өтеді. Тәуелсіздік тарихындағы үшінші санақта азаматтарға сауалнама парақтарын онлайн режимде өз бетінше толтыру немесе үй-үйді аралау кезінде офлайн толтыру мүмкіндіктері ұсынылады.
1-қыркүйектен бастап sanaq.gov.kz арнайы сайты арқылы қазақстандықтар 15 қазанға дейін онлайн режимде санаққа қатысты барлық сұрақтарға жауап бере алады. Жүйе тәуліке бойы қолжетімді болады. Респондент санаққа қатысу үшін өзіне ыңғайлы кез-келген уақытты таңдайды, сондай-ақ сайтта бланкты толтыруды тоқтату және оны толтыруды кейін қайта жалғастыру мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, азаматтар egov.kz электронды үкімет платформасында sanaq.gov.kz сайтының қосымша парағы орналастырылып, ол арқылы электронды цифрлы қолтаңбаны (ЭЦҚ) қолданып, санаққа қатыса алады. Ал мобильді азаматтар үшін «Aitu» мобильді қосымшасы арқылы Ұлттық санаққа қатысу мүмкіндігі де ұсынылмақ.
Ал дәстүрлі жалпы аралау 1-30 қазан аралығында жүргізіледі және ол белгіленген мерзім ішінде санақтан онлайн режимде өтпеген респонденттер арасында өткізіледі.
Ұлттық статистика бюросының дерегінше, осы жолғы ұлттық санақты жүргізу кезінде Қазақстан азаматтарына барлығы 87 сұрақ қойылмақ.
Құрбанәлі ШАХАБАЙ