ҚР Президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет»концепциясы аясында Тараз қалалық әкімдігі ашықтық, халықпен тығыз кері байланыс орнату бағытында жұмысын жалғастыруда,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Тараз қаласы әкімдігіне сілтеме жасап. .
Бұған дейін барлық округ инспекторлары халық алдында есеп берген.
Сондай-ақ Тараз қаласы әкімінің бастамасымен әр округ пен тұрғын алқаптарда апта сайын ашық аспан астындағы көшпелі қоғамдық қабылдау өтуде.
Қыркүйек айының 13-нен бастап округ инспекторлары мен әкімдікке қарасты барлық бөлім басшылары қала аумағындағы округтегі аулаларда халықпен кезедесіп,өтініш-тілектерін тыңдап, есеп беру жұмыстарын жүргізеді.