Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (12-0, 10 КО) келесі жекпе-жегі алдында мәлімдеме жасады деп хабарлады turkystan.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Былтыр қаңтардан бері жұдырықтаспаған Ахмедов желтоқсанда рингке оралады. Жекпе-жек Алматыда өтеді, бірақ нақты күні әзірге белгісіз.
«Ассалаумағалейкум, Қазақ елі! Алланың қалауымен үлкен спортқа қайта оралып жатырмыз. Хайп па сіздерге керегі? Хайптың көкесін енді көресіздер. Бірақ біз хайпты өзіміз үшін емес, елімізді әлемге таныту үшін, атын шығарып, абыройын асқақтату үшін жасаймыз. Ұлттық құндылықтарымызға сай ұлтымыздың ұлылығын ұлықтаймыз. Қолдауларыңызды аямаңыздар, ағайын!» – деп жазды ол Instagram желісіндегі парақшасында.