Хабиб Нурмагомедов пен Криштиану Роналду көз арбасты

Хабиб Нурмагомедов пен Криштиану Роналду көз арбасты

UFC бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедов пен «Манчестер Юнайтед» клубы мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду көз арбасты, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Спорт жұлдыздары Англияда, «Манчестер Юнайтед» пен «Эвертон» арасында өткен ойыннан соң кездескен. Ресейлік спортшы футболшыға жанкүйер болуға келген.

Хабиб пен Роналдудың бұрыннан достық қарым-қатынаста екені белгілі

«Ол тарихтағы үздіктердің бірі. Жасай бер, чемпион. Сен әлем бойынша миллиондаған адамдарды шабыттандырасың», – деп жазды Хабиб.

Ол танымал футболшымен түскен суретін өз Instagram парақшасында жариялады.

Comments (0)
Add Comment