Ресейдің Хабаровск аймағында Ан-26 ұшағы апатқа ұшырап, бортта болған 6 адамның барлығы қаза болды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Ұшақ сынықтарының арасынан болжам бойынша қаза тапқан жандардың мәйіттері табылған.
Ан-26 ұшақ бортында ұшақ командирі Симаков, екінші ұшқыш Попов, штурман Большаков, бортмеханик Дрожжин, радио операторы Зайцев, сондай-ақ борт операторы Твердунов болған.
Төтенше жағдайлар қызметінде РИА Новостиге ұшақ апатының себебі ауа райының қолайсыздығы болуы мүмкін екенін айтқан.