Хабарландыру

АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛДЫҢ 18-19 МАУСЫМ АРАЛЫҒЫНДА ТАРАЗДА АЛҒАШ РЕТ ҚОҒАМ МЕН БИЗНЕС ҮШІН ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР – ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТЕДІ!
Форум барысында келесі тақырыптар бойынша панельдік сессиялар өткізіледі:
• «Әлемдегі әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту. Даму тенденциялары».
• «Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау тетіктері».
Сондай-ақ форум барысында спикерлердің қатысуымен осы саладағы халықаралық тәжірибе тақырыптарында шеберлік сыныптары өткізіледі:
• Фандрайзинг. Краудфандинг;
• Әлеуметтік кәсіпкерлікті қоса алғанда, ШОБ жобаларын мемлекеттік қолдау;
• Әлеуметтік маркетинг;
• Жеке бренд;
• Орау. Идеядан іске асыруға дейін;
• Гранттар. Өтінім беру тәсілдері;
• Шешендік өнер;
• Кәсіпкердің стратегиялық ойлауы.
Іс-шараның мақсаты: әлеуметтік кәсіпкерлік туралы жалпы түсінікке қол жеткізу және ақпараттық хабарлау, мемлекетпен ынтымақтастық тетіктерін әзірлеу, өзекті әлеуметтік проблемаларды және оларды шешу жолдарын талқылау.
Форум ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен өткізіледі.

Comments (0)
Add Comment