«Gov2Jastar» Telegram порталы ашылды

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырмасы бойынша «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы мемлекеттік жастар саясатындағы өзекті мәселелер және олардың шешу жолдары, сонымен қатар жастарға бағытталған іс-шаралар, жобалар, гранттар сынды ақпарат тарату мақсатында «Telegram» әлеуметтік желісі платформасында «Gov2Jastar» арнасы құрылғанын хабарлаймыз.

«Gov2Jastar» Telegram арнасы – мемлекеттік жастар саясатындағы және жастарды дамытудағы өзекті мәселелер, сол саладағы проблемалар және оларды шешу жолдарын талқылауға бағытталған кеңістік. Сонымен қатар арнада еліміздегі жастар арасында жүргізілген әлеуметтану зерттеулері нәтижесінде анықталған кейінгі тенденциялар мен трендтер де жарияланып тұрады. Тағы бір айтары, арнайы жастарға бағытталған іс-шаралар, жобалар, гранттар сынды мүмкіндіктер жөнінде ақпарат таратылады.
Егер сіз немесе серіктестігіңіз ел жастарымен ақпарат бөліскісі келсе, жастар саясатын жергілікті деңгейде іске асыру бойынша тәжірибе туралы айтқысы келсе және жастармен кері байланыс орнатқысы келсе, төменде көрсетілген ақпарат бойынша хабарлассаңыз болады.

«Gov2Jastar» Telegram арнасына сілтеме:  https://t.me/G2Jastar

«Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Жастар
ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Comments (0)
Add Comment