Головкин – «Канело» үшінші жекпе-жегінің тікелей эфирден көрсетілуі туралы мәлімет жарияланды, деп хабарлайды Экспресс К.
18 қыркүйек күні таңертең Лас-Вегаста (АҚШ) қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мен мексикалық Сауль «Канело» Альварестің (57-2-2, 39 КО) үшінші жекпе-жегі өтеді.
Қазақстанда Головкин мен «Канело» арасындағы үшінші айқас Qazsport телеарнасынан көрсетіледі деп жоспарланған. Бокс кешінің трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 5:00-де басталады. Басты шешуші айқас шамамен сағат 8:00-де болады.
Еске сала кетейік, Головкин мен «Канело» арасындағы үшінші жекпе-жек T-Mobile Arena сарайында өтеді. Алдағы жекпе-жекте супер орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағы бәске тігіледі. Қазіргі уақытта оның иесі — «Канело».