Гаага Халықаралық соты Украина-Ресей мәселесіне қатысты шешім шығарды

Гаагадағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық соты Украинаның Ресейге қарсы шағымына қатысты шешімін жариялады деп хабарлады turkystan.kz Reuters-ке сілтеме жасап.

Сот төрағасы Джоан Донохью Ресей Федерациясының Украинаға қарсы әрекеттеріне алаңдаулы екенін, сондай-ақ бұл халықаралық құқықтың өте маңызды мәселелерін қозғайтынын айтты.

 

«Сот шешімі бойынша: Ресей Федерациясы 2022 жылдың 24 ақпанында Украина аумағында бастаған әскери әрекеттерін дереу тоқтатсын. Ресей Федерациясы «өзі жіберген немесе оны қолдаған кез келген әскери немесе тұрақты емес қарулы топтар, сондай-ақ оған бағынатын кез келген ұйымдар мен адамдар Украина аумағында соғыс қимылдарын жүзеге асыру үшін ешқандай қадам жасамауын қамтамасыз етсін», – делінген сот хабарламасында.

Ресей «сот ісінің абсурдты болуына байланысты» Халықаралық Сот тыңдауына қатыспағанын айтты. Кейінірек Ресей тарапы аталған мәселеге қатысты сот ешқандай шара қолданбасын деген жазбаша құжат жариялады.

Украина Президенті Владимир Зеленский Ресейге қарсы істе «Украина жеңіске жетті» деп сот шешімін құптайтынын білдірді.

 

Алайда соттың бұл шешімі нақты емес. Соңғы қаулы негізгі талқылаудан кейін шығады. Ол бірнеше жылға созылуы мүмкін.

Comments (0)
Add Comment