Бұл туралы turkystan.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің ресми өкілі Арман Тлеукенов таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлады.
«Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы» КММ лауазымды тұлғалары мен «Ария-Жаңа Астана» ЖШС компания басшылығына қатысты, оның ішінде Гүлмира Сатыбалдыға қатысты 2019 жылы «Алматы қаласындағы 2017 жылғы Универсиада» нысандары үшін құрылыс-монтаж жұмыстарына бағытталған аса ірі мөлшердегі бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Осыған ұқсас аса ірі көлемдегі бюджет қаражатын жымқыру фактілері бойынша Мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары мен «Ария-Жаңа Астана» ЖШС басшылығының қатысуымен басқа өңірлерде сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізілуде» деп жазылған хабарламада
Тергеу жалғасуда.
Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.