Жауынбекова Гүлдана Әлімжанқызы 1976 жылы 13 маусымда Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сарыкемер ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ, білімі – жоғары.
1999 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «инфрақұрылымдағы экономика және менеджмент» мамандығы бойынша бітірген.
Алғашқы еңбек жолын 2000 жылы Жамбыл облысы Байзақ ауданы әкімінің білім бөлімінің есепшісі болып бастаған.
2001 – 2002 жылдары Байзақ ауданы әкімінің білім басқармасының экономисі;
2002 – 2007 жылдары Жамбыл облысы әкімінің білім басқармасының орталықтандырылған бухгалтериясының экономисі, қаржы-жоспарлау бөлімінің бас маманы;
2007 – 2009 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің білім департаментінің жобалау және жоспарлау бөлімінің бастығы;
2009 – 2017 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының қаржы және жоспарлау бөлімінің бас маман-экономисі, ішкі бақылау бастығы;
2017 – 2023 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы;
2023 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болып жұмыс атқарған.
2023 жылғы 4 желтоқсанынан бастап Тараз қаласы әкімінің өкімімен Тараз қаласы әкімінің орынбасары болып (экономика, қаржы, кәсіпкерлік, өнеркәсіп, туризм және ауыл шаруашылығы сұрақтары бойынша) тағайындалды.