Футболдан төрт дүркін әлем чемпионы қайтыс болды

Аңызға айналған футболшы және Бразилия құрамасының бас бапкері болған Марио Загалло 93 жасында өмірден озды.

Марио Загалло – футбол тарихында төрт дүркін әлем чемпионы атанған жалғыз адам. Әлем біріншілігінде екі рет футбол ретінде (1958, 1962) және екі рет Бразилия құрамасының бас бапкері ретінде (1970, 1994) топ жарған.

Бұдан бөлек, Загалло баптаған құрама екі рет Америка кубогында (1997, 2004) және екі рет Конфедерация кубогында (1997, 2005) үздік шыққан.

Бразилия президенті Лула да Силва атақты футболшының қазасына байланысты елде үш күндік аза тұту жариялады.

massaget.kz

Comments (0)
Add Comment