Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатының А тобында Сенегал мен Нидерланды құрамалары кездесті, деп хабарлайды Экспресс К Спорт Шредингера Telegram-каналына сілтеме жасап.
Сенегал мен Нидерланды құрамалары әлем чемпионаттарының ақтық финалынан табылып жүргеніне қарамастан, тарихта алғаш рет бір-біріне қарсы ойнады.
Есеп тек екінші таймның 84-ші минутында ашылды. Алғашқы голды Коди Гакпо соқсы, матчтың 99-шы минутта Дэви Классен ойынды қорытындылады. 2:0 есебімен кездесу Нидерланды құрамасының пайдасына шешілді.
25 қараша күні сағат 19:00-де А тобындағы екінші турда Сенегал — Катар және 22:00-де Нидерланды — Эквадор құрамалары кездесу өткізеді.
Бұған дейін Катарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатында Англия құрамасы Иранды ойсырата жеңгені туралы жазған болатын.