Футбол алаңшасы – тұрғындар игілігіне

Талас ауданының Тамды ауылынындағы Қойгелді орта мектебінің ауласында демеушілер есебінен Еркебұлан Жақсылықұлы Бишаев атындағы футбол алаңшасы пайдалануға берілді.

Алаңшаның ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Айтолқын Абдибекова қатысып, тұрғындардың қуанышымен бөлісті.
Сондай-ақ осы күні Еркебұлан Жақсылықұлының құрметіне кіші футболдан жасөспірімдер арасында турнир ұйымдастырылды.

Әмина МҰСА

Comments (0)
Add Comment