Франция құрамасы қазақстандық футболшыларды 8:0 есебімен ойсырата жеңді

Қазақстандық футбол құрамасы Франция футболшыларынан 0:8 есебімен жеңілді. Бұл қазақстандық спортшылардың тарихтағы ең сәтсіз ойыны, деп хабарлайды  «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі  stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Осылайша, Париждегі жеңілісімен Қазақстан құрамасы антирекордты жаңартты: 2005 жылы Қазақстан әлем чемпионатының іріктеу турнирінде Түркиядан 0:6 есебімен жеңіліп қалған еді. Дәл осындай есеппен Қазақстан құрамасы 2008 жылы Ресей құрамасынан да ұтылып қалды. Ал енді отандық футболшыларды франциялық спортшылар 0:8 есебімен ойсырата жеңді.

Айта кетсек, қазақстандық ойыншыларды жеңген соң Франция құрамасы топтық кезеңде бірінші орынға шығып, мерзімнен бұрын 2022 жылғы әлем чемпионатына өтті. 
Comments (0)
Add Comment