Фируза Шарипова – ММА шаршы алаңында

Бокстан әлем чемпионы Фируза Шарипова аралас жекпе-жектегі алғашқы кездесуін өткізді. «OCTAGON 33» турнирінде өткен бәсекеде ресейлік Карина Ондасыноваға қарсы жұдырықтасқан жерлесіміз алғашқы раундта қылқындыру әдісін ұтымды пайдаланып, жеңіске жетті. Осылайша жерлесіміз ММА шаршы алаңындағы дебютті жекпе-жегін өз пайдасына аяқтады.
Жалпы Фируза Шарипова бұған дейін бокста жеңіл салмақта IBA және WBU нұсқалары бойынша әлем чемпионы атақтарын жеңіп алған болатын.
Жұматай Көксубайұлы
Comments (0)
Add Comment