Фируза Шарипова ММА-дегі екінші жекпе-жегін өткізеді

Бокстан әлемнің бұрынғы чемпионы Фируза Шарипованың ММА-дегі екінші жекпе-жегі қашан өтетіні анықталды.

Қазақстандық боксшы октагонға 18 қарашада Алматыда өтетін «Octagon 37» турнирінде шығады. Қарсыласы әзірбайжандық спортшы Гюнель Амирбакова болмақ.
Еске салайық, биылғы 29 шілдеде Шарипова ММА-де дебют жасаған болатын. Ол бірінші раундта ресейлік Карина Ондасынованы буындыру әдісімен жеңді. Фирузаның кәсіпқой бокстағы жетістіктеріне келсек, ол IBA және WBU нұсқалары бойынша әлем чемпионы атанған. Алайда өткен жылдың желтоқсанында «абсолютті чемпион» атағы үшін тартыста жеңіліп қалды.

Жұматай КӨКСУБАЙ

Comments (0)
Add Comment