ЭЦҚ кілтті телефонда сақтауға да болады

Қазір қалтаңызда пәтер мен көліктің кілтін ғана емес, ЭЦҚ кілтіңізді де алып жүруге болады. Ол үшін оны смартфоныңызға жүктеп алсаңыз жеткілікті.

Егер сіздің телефоныңыз Android платформасында болса, ЭЦҚ-ны ұялы телефонға USB кабелін пайдалана отырып, қарапайым файл ретінде жүктеуге болады. Смартфонды USB-кабель арқылы компьютерге қосыңызда, «Менің компьютерім» бөліміне кіріп, ЭЦҚ-ны (AUTH, RSA-…p12 файлдары) смартфонның жад картасына көшіріп алыңыз.

Егер сіздің телефоныңыз iOS операциялық жүйесінде болса, сертификатты жүктеу үшін келесі әрекеттерді орындау керек:
1. iTunes бағдарламасын компьютерге орнатыңыз;
2. Смартфонды компьютерге USB кабелі арқылы қосыңыз;
2. iTunes-ке өтіп, құрылғы батырмасын басып, «Ортақ файлдарға» өтіңіз;
3.Сол жақтағы тізімнен eGov mobile бағдарламасын таңдаңыз;
4. «Қосу» батырмасын басыңыз, көшіргіңіз келетін ЭЦҚ файлдарын таңдаңыз және тағы да «Қосу» батырмасын басыңыз.

Міне, енді сіздің ЭЦҚ-ңыз әрдайым өзіңізбен бірге болады. Бұл сіздің уақытыңызды үнемдеп, қауіпсіздігіңізді арттырады.

Ескертеміз, egov mobile-дан жүктелген ЭЦҚ тек қосымшада ғана жарамды. Егер сіз оны компьютерден жүктеген болсаңыз, оны барлық жерде қолдана аласыз.

А. Сапахов,

Тараз қалалық ХҚКО 4-бөлімі басшысының орынбасары

Comments (0)
Add Comment