Ескерсең, ем көп

«Ескерсең, ем көп» дейді дана халқымыз. Тұрғындар үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру төлемдері, коронавирустық инфекцияға қарсы екпе, «Қан қызметі бойынша білім мен дағдыларды арттыру» тақырыптары туралы бүгінде семинар-тренингтер жиі ұйымдастырылуда.

Аталған басқосуларда көктеммен қатар келетін тұмаудың алдын алу, психикалық көмек көрсету, эндокриндік аурулардың алдын алу, жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді және бала емізетін аналарды вакцинациялаудан туындаған сұрақтарға, Сібір жарасы жұқпалы ауруы, көктемгі кене маусымында ескеретін жағдайлар күн тәртібіне көтеріліп келеді.
Жалпы медицина мамандарының басты мақсаты ауырғандарды емдеу ғана емес, аурудың алдын алуға барлық күш-жігерді жұмсауға арналған. Сол үшін ақ халатты абзал жандарға тараздықтардың айтар алғысы шексіз.

Жұматай Көксубайұлы

Comments (0)
Add Comment