Есірткі өндіретін фитолабораторияның көзі жойылды

Жамбыл облысы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора-2023» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында Таразда есірткі өндіретін фитолабораторияның жолын кесті.

Жедел ақпаратты іске асыру барысында Ресей Федерациясының 61 жастағы азаматының тұрғылықты жері бойынша тінту шаралары жүргізілді. Тексеру барысында бақшада көлік шинасынан 4 каннабис бұтасы табылды. Сондай-ақ қызметкерлер фитолабораторияға айналдырылған моншаны анықтап, онда 2 каннабис бұтасы табылды. Сондай-ақ үйдің әр жерінен «кептірілген марихуана» есірткі заттары табылды.
Арнайы операция барысында барлығы жалпы салмағы 2 400 гр каннабис өсім-діктерінің 6 бұтасы, жалпы салмағы 113 гр кептірілген марихуана тәркіленді.
– Ұсталған адам өз кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабының 1-бөлігімен (өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді егу немесе өсіру немесе қарасора, көкнәр немесе құрамында есірткі заттары бар басқа да өсімдіктердің сорттарын өсіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Осы бап екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл түріндегі жазаны көздейді, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарымен, не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартумен, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеумен, не сол мерзімге бас бостандығынан айырумен жазаланады, – дейді облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы басқарманың бастығы, полиция подполковнигі Әлім Бажықбаев.

Жұмаш Жолболды

Comments (0)
Add Comment