Есіргендер есірткі саудасын «жарнамалайды»

Бүгінде есірткі бизнесімен күрес күшейтілгені белгілі. Әсіресе синтетикалық есірткі саудасының алдын алу бағытында көп жұмыстар жүргізілуде. Алайда үй қабырғаларына жазылған «Telegram» парақшаларының мекенжайынан әлі күнге аяқ алып жүргісіз. Мәселен, Ыбырайым Сүлейменов көшесіндегі №8 үйдің қабырғасында мына жазудың тұрғанына екі жетінің жүзі болды. Бұған дейін де дәл осы үйдің қабырғасына жазылған синтетикалық есірткі саудасының жарнамасын сын тезіне алып, оны өшірткен болатынбыз. Енді міне, қайта пайда болған жазу тағы қанша уақыт тұрар екен? Дәл осы үйдің қасында арнаулы орта оқу орнының бар екенін ескерсек, жастарды неге итермелеп жатырмыз? Бұл жазуды осы аумаққа жауапты учаскелік полицей көрмеді дегенге сенесіз бе?..

Дедек ТӨЛЕН

Comments (0)
Add Comment