Әлеуметтік желіде той үстіне басып кірген тасқын судың видеосы тарады деп жазды turkystan.kz.
Видеодағы оқиға Түркістан облысы Сарыағаш ауданының Бесағаш ауылында болған. Толассыз жауған жауын-шашынның салдарынан пайда болған тасқын су тойдың шырқын бұзып, қонақтарды әбігерге салды.
Бейнежазба авторының айтуынша, су бірден есікті жарып кірген. Желі оқырмандары видеоға әртүрлі пікір қалдырды.
«Тойдың арты Титаникке ұласты», «Жаңбыр жауса да, жаумаса да жақпайды. Не керек осыларға?», «Ақтаулықтар тасаттық жасағанда мекенжайды шатастырып алған ғой», «Екі жастың ақшасы көп болады екен» десті олар.