Есептеуіш орнатпаған еселеп төлейді

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің төрағалығымен кезекті аппарат кеңесі өтті. Жиын барысында әуелі «Жамбыл су» МКК директорының міндетін атқарушы Гаухар Дәулетқұлова қалада ауыз су есептегіш құралдарын орнату жұмыстары туралы баяндады.

Гаухар Мырзабекқызының мәліметі бойынша, бүгінде шаһар тұрғындарының 94 пайызы орталық сумен қамтылған. Жер асты суларын көтеру үшін 93 артезиан ұңғымасы пайдаланылуда. Су тұтынуды есепке алу тиімділігін арттыру, сондай-ақ мониторинг процестерін автоматтандыру мақсатында «Жамбыл су» МКК есептеу құралынан деректерді орталықтандырылған жинау мен өңдеудің заманауи жүйесі енгізілген.

Келесі кезекте Тараз қаласы бюджетінің 2025 жылдың қаңтар-маусым айларындағы болжамды орындалуы, шаһардың қаңтар-мамыр айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамды көрсеткіштері, Тараз қаласының 2026-2030 жылдарға арналған даму картасы, мемлекеттік сатып алу конкурстарының өткізілу барысы, білім мекемелеріндегі жапсарлас құрылыс пен күрделі жөндеу жұмыстары, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін автобус аялдамаларының қолжетімділігі, көрнекі ақпараттардағы тіл сауаттылығы, инвестициялық жобалардың жүзеге асуы секілді маңызды мәселелер қаралды.

Кеңесті қорытындылаған қала әкімі күн тәртібіне шығарылған әрбір мәселе бойынша сала басшыларынан жауап алып, нақты тапсырмалар жүктеді.

Comments (0)
Add Comment