Бүгін Халық қаһарманы, полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың қандықол қылмыскерді тұтқындау кезінде ерлікпен қаза тапқанына 10 жыл толды. Осыған орай Қазыбек би көшесінде батырға арналған ескерткіш тақтаның ашылу рәсімі өтті,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.
Салтанатты шараға ҚР ішкі істер министрінің орынбасары, полиция генерал-майоры Мұрат Баймұқашов, облыс әкімінің орынбасары Рүстем Дәулет, облыстық полиция департаментінің бастығы, генерал-майор Жанат Сүлейменов және сала ардагерлері қатысты.
Шараға жиналғандар Халық қаһарманының ерлікке толы өмір жолынан сыр шертіп, ескерткіш тақтаға гүл шоқтарын қойды.