Ерлі-зайыптылар 5 жылда үш егіздің ата-анасы атанды (фото)

АҚШ-та тұратын ерлі-зайыптылар шамамен бес жылдың ішінде үш егіздердің ата-анасы атанды. Биыл тамыз айында Нью-Йоркта тұратын 32 жастағы Джолин Макки мен 33 жастағы Эндрю Маккидің үшінші егіздері дүниеге келді. Бұл туралы «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Осылайша жұп бес жылдың ішінде алты баланың ата-анасы атанды. Олар: бес жасар Пейтон мен Пейдж, үш жасар Эбигейл мен Эндрю және үш айлық Эйден мен Джейден.

«Көпбалалы ана боламын деп тіпті де ойламаппын. Бір немесе екі балам болады деп ойлаушы едім», – деп ағынан жарылды Джолин.

Әйел үшінші рет егіз күтіп жүргенін білгенде мұның тағдыр екенін түсінген. Себебі үшінші рет тек бір бала туатынына сенімді болған. Егіз екенін білгенде, әйелмен бірге дәрігердің өзі қатты таңғалған. Ол ширек ғасырлық тәжірибесінде мұндай жағдайдың болмағанын атап өткен. 

Дәрігерлер бұл феноменді әйел жатырының белсенділігімен түсіндірді. Америкалық әйелдің айтуынша, балалары өзара тату. Бүгінде көпбалалы ана атанған Джолин тағдырдың дәл осылай қалыптасқанына қуанышты.

Comments (0)
Add Comment