Бүгінде елімізде жұмыс күші тапшы өңірлерге қоныс аударғысы келетін ерікті жандарға айрықша қолдау көрсетілуде.
Нақтырақ айтсақ, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министр-інің 2016 жылғы 14 маусымдағы №515 бұйрығымен бекітілген «Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидалары шеңберінде жұмыс күші тапшы Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды облыстарына жұмыс күші артық Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда өңірлерінен қоныс аударуға болады. Бұл бағытта ілкімді істер қолға алынған. Мәселен, бағдарламаға қатысушыларға және оның отбасы мүшелеріне – отағасына және әрбір отбасы мүшесіне бір рет 70 АЕК (241 500 теңге) мөлшерінде көшуге материалдық көмек көрсетіледі. Сондай-ақ тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығындарды өтеуге субсидиялар растайтын құжаттар негізінде ай сайын бір жыл бойы бағдарламаға қатысушының карт-шотына ақша аудару арқылы материалдық көмек те беріледі. Тағы бір айта кетерлігі, қалалық жерлерге қоныс аударғандар үшін 1 адам үшін 20 АЕК, яғни 69 000 теңге,отбасы мүшелерінің саны 2-4 болса, 25 АЕК – 86 250 теңге, отбасы мүшелерінің саны 5 және одан көп болған кезде 30 АЕК – 103 500 теңге төленеді. Ал ауылдық жерлерге қоныс аударғандарға 1 адам үшін 15 АЕК – 51 750 теңге, 2-4 болған кезде 18 АЕК – 62 100 теңге, 5 және одан көп болған кезде 21 АЕК – 72 450 теңге мөлшерінде беріледі. Сондай-ақ қоныс аударушыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету арқылы тұрғын үй сатып алу (сатып алу) және/немесе салу арқылы жалға берілетін тұрғын үй де қарастырылған. Жаңа үйлерге қоныстандыру үшін отбасы құрамы 4 және одан да көп адамнан құралуы тиіс. Ал жаңа үйлердің ауданы 70-90 шаршы метрден басталып, тұрғын үйді жалға алу үшін ай сайынғы жалдау ақысы 6 000-9 000 теңгені құрайды. 5 жылдан кейін қалдық құны бойынша тұрған үйді жекешелендіруге де болады.
Өңіраралық ерікті түрде қоныс аударуға қатысушылар: Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітілген қоныс аударушылар мен қандастардың қабылдаудың өңірлік квотасына қосылған адамдар және олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ қоныс аударуға жәрдемдесетін жұмыс берушілер. Ол қажет болған кезде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымына және қысқа мерзімді кәсіптік курстарға жіберуді жаңа тұрғылықты жерінде жұмысқа орналасуға және кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуді қамтиды.
Сонымен қатар 2023 жылғы 29 наурыздағы №27-ө өкімімен қала тұр-ғындары арасында «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы мен Қазақстан Республикасы Көші-қон саясатының 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде қалалық ақпараттық-түсіндіру тобы құрылып, іс-шаралар жоспары бекітілді.
Аталған іс-шаралар жоспарына сәйкес, 85 кездесу колледждерде, орта мектептерде және қаланың этнос өкілдерінің көп шоғырланған көшелерінде ұйымдастырылып, 2 500-ге жуық адам қамтылды.
Гүлназ Сматилдаева,
Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы