Арменияның астанасы Еревандағы сауда орталықтарының бірінде жойқын жарылыс болып, 51 адам зардап шекті. Тағы бір адам қаза болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости порталына сілтеме жасап.
денсаулық сақтау министрлігі олардың саны 51-ге жеткенін мәлім етті. Зардап шеккендердің арасында өрт сөндірушілер де бар.
Sputnik Арменияның хабарлауынша, сауда орталығына құтқарушылардың сегіз жауынгерлік бригадасы мен жедел жәрдем келген.
Куәгерлердің айтуынша, әуелі қатты жарылыс болған, кейіннен тағы да жарылыс дауыстары естілген. Олар қазіргі таңда отшашулардың жанып жатқанын айтады.
Жергілікті басылымдар үйінді астында адамдар қалуы мүмкін екенін жазады.