Ерекше әсерге бөлеген кеш

Әрбір адамның көңілін шаттыққа бөлеп, жүрегіне ерекше жылулық сыйлайтын мерекелердің бірі – Жаңа жыл.Оның әлем халықтары үшін ортақ мереке болғандығы үшін барлығымыз да қатты қуанамыз.

Күллі әлем ертегі әлеміне саяхат жасайтындай. Осындай керемет Жаңа жылды қарсы алу мерекесі Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№4 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығы» КММ-де Жаңа жыл қарсаңында «Қош келдің, Жаңа жыл!» тақырыбында жаңажылдық кеш өтті. Ертеңгілікте Аяз ата мен Ақшақар және түрлі кейіпкерлер балалардың көңілін көтеріп, өнерлерін тамашалады. Балалар мен мамандар «Ақшақар», «Санта», «Эльф» және «Аяз ата мен Ақшақар» биін биледі.Сонымен қатар балалар жаттаған өлеңдерін айтып, өз өнерлерін көрсетті. Жаңа жыл – әсіресе балғындардың асыға күтетін мерекесі. Дәл осы күні олар тілегін айтып, сыйлықтар алды. Балалардың қуанғаны – біз үшін де қуаныш.
Жаңа жыл – барша адамдардың тағатсыздана күтетін таңғажайып қызыққа, қуанышқа, сиқырға толы мереке. Кішкене бөбектермен қоса ересек адамдардың да ең сүйікті мерекесі десек те болады. Жаңа жыл жақындаған сайын орталығымыздың жан-жағының бәрі безендіріліп, жаңажылдық әуендер ойнатылып, құдды барлық әлем ертегі әлеміне айналғандай болды. Балалар Аяз атаға хат жазып, жыл бойы тәртіптерінің жақсы болғанын айтып, қалған сыйлықтарын алады.

Айнұр Исабекова,
«№4 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығы» КММ-нің тәрбиешісі

Comments (0)
Add Comment