Ерекше балалар үшін айрықша күн

Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№ 4 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығы» КММ-де 2023 жылы желтоқсан айында бүлдіршіндердің көңілдерін шаттыққа бөлеп, жүректеріне ерекше жылулық сыйлау мақсатында ерекше балалар @mynbala_ taraz ойын-сауық кешеніне барып әртүрлі ойындар ойнап, тәттілер мен сусындар ішіп, сыйлықтар алып, көңіл-күйлері көтеріліп, қуанышқа бөленді. Сонымен қатар орталықта «Көңілді мәре!» атты спорттық ойындар өткізіліп, балалар атсалыса қатысты. Өнерлі де талантты ерекше балаларға түзету-дамыту жұмыстары жүргізіліп, ұйымдастыру барысында балалар шашты сәндеу, өздерін сұлулыққа, тазалыққа баулу мақсатында «Шаштараз» дидактикалық ойынын ойнады.
Соңында балалар бір-біріне көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, психологиялық тренинг өткізілді.

Айнұр Исабекова,
Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№ 4 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығы» КММ-нің тәрбиешісі

Comments (0)
Add Comment