Ерекше балаларға ерекше көңіл бөлу керек

Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№4 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығы» КММ-де тамыз айында COVID-19 пандемиясы кезінде мүмкіндігі шектеулі ерекше балалармен «Теңіз патшайымы» атта мерекелік ертеңгілік өткізілді.

Онда балалар арақашықтықты сақтай тұра қимылды ойындар арқылы күн шуағына денелерін қыздырып, ойынға белсене қатысты.
Балалар әуенді әнмен ортаға су перісін шақырды. Су перісі балалармен амандасып, балалармен бірге ортада «Нептун» биін биледі. Су перісі өзімен бірге көптеген ойындар ала келгенін балаларға айтып, ойын ойнауға шақырды.

«Кім жылдам?» ойынын ойнау барысында балалар мен қыздарға бассейн бетіндегі шарларды жинап, шелекке салып шапшаңдықпен екінші бассейнге апарып салды. Сонымен қатар балалар допты кедергілердің арасымен құлатпай мәреге жету мақсатында тәрбиешілерінің көмегімен ойнады.
«Суда жүзу» ойынында балалар бассейннің бір басынан екінші басына жылдамдықпен жүзуді игерді. Ал өздігінен жүре алмайтын балалар бассейн ішінде отырып шомылды.

«Теңіз патшалығы» балалардың есінде қаларлықтай қызыққа толы болды. Мерекенің ұнағанын олардың жүздері мен шынайы күлкілерінен аңғаруға болады. Көптеген ойындар ойнап, әндер айтып, би билеген балалардың көңілдері бір сәт сергіп қалды. Балаларға мерекенің соңында балмұздақтар мен тәтті сусындар таратылып, сыйлықтар берілді. Балалар үшін жаз мезгілі қызықты күндермен есте қалды.

Құралай Көбеева,
№4 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығының тәрбиешісі

Comments (0)
Add Comment