Ерекше балаларға — ерекше қамқорлық

«Мүмкіндігі шектеулі және ерекше білім беруді қажет ететін жастар арасында кешенді іс-шаралар ұйымдастыру аясында «Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы» КММ ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап бірнеше шаралар өткізіп келеді.
Қазіргі уақытта даму мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасаудағы өзекті мәселе – инклюзивтік білім беру. Инклюзивтік білім мүгедек балаға өзінің құқықтарын іске асыруға мүмкіндік береді. Қазіргі жас ұрпақ біздің болашағымыз. Бұл жасұрпақтың ішінде қарапайым балалар да, даму мүмкіндігі шектеулі балалар да бар. Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың жалпы дамуы және бұзылысын түзету мақсатында жаңа компьютерлік технологияны, бала бойындағы кемістіктерді түзетуге
бағытталған құрылғыларды қолдану қажеттілігін де ретін тауып шешкен жөн.
Осы орайда жастар саясаты мәселелері басқармасы «Саңырау және нашар еститін балаларға арналған облыстық «Мейірім» арнайы түзету мектеп-интернаты», «Ӛркен» арнайы мектеп-интернаты» , «№2 «Болашақ» арнайы мектеп-интернаты» және «№4 «Үміт» арнайы мектеп-интернатында» оқитын балаларға мүмкіндіктеріне қарай «Бәріміз бірдейміз», «Жан жылуы», «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық шараларын ұйымдастырған. Сонымен қатар көзі көрмейтін және әлсіз көретін жастарға арналған заманауи көркем фильм және заманауи
анимациялық фильмдерді мемлекеттік тілде кәсіби дыбыстаушы және аудармашы мамандардың қатысуымен тифлоаударма форматында ұсынды.
Балалар біздің болашағымыз екенін ескерсек олардың бүгініне барынша жағдай жасауға тиіс екеніміздіде ұмытпағанымыз жөн.

Жамбыл облысы Мүгедектер Қоғамдық Бірлестігі
Кимберли-Тараз
Мосалева М.В.

Comments (0)
Add Comment