Ербол Қарашөкеев азаматтарды қабылдады

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев жұмыс кестесіне сәйкес азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Кездесу барысында қоғамдық көлік қатынасын жақсарту, жібек құртын өндіруді дамыту, коммуналдық тарифтер мен тұрғын үй мәселелері, сондай-ақ жеке сипаттағы ұсыныс-пікірлер көтерілді.
Ербол Қарашөкеев азаматтардың сауалдарына қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жауап берді.
Қабылдау қорытындысында жауапты тұлғаларға көтерілген түйткілдерді жан-жақты зерделеп, кезек күттірмейтін өтініш-тілектер бойынша тиісті шешімдер қабылдау тапсырылды.
Comments (0)
Add Comment