Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев «Ads industries» компаниясының директоры Сәкен Арапбаевпен кездесу өткізді.
Тараптар Мемлекет басшысының «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасын іске асыру тапсырмасы шеңберінде ЖЭО-4 жылу электр орталығын қайта құру және кеңейтуге қатысты жобаны талқылады.
Кездесу барысында ЖЭО-4 және РК-4 аудандық қазандығы үшін газ генератор станцияларын салу мәселелері де қаралды.
Ербол Қарашөкеев Жамбыл облысының жоғары инвестициялық әлеуетіне тоқталып, өзара нәтижелі ынтымақтастықта жұмыс атқаратындарына сенім білдірді.