Жамбыл облысына жұмыс сапарының екінші күні вице-премьер Ералы Тоғжанов бастаған үкіметтік делегация Қордай ауданында болды.
Премьер-Министрдің орынбасары биологиялық қауіпсіздік проблемалары ҒЗИ жанындағы вакциналар шығаратын биофармацевтикалық зауыттың құрылыс барысын тексерді. Гвардейск қалашығындағы зауытта жұқпалы ауруларға қарсы вакциналар шығарылмақ.
Ералы Тоғжанов ғалымдарға атқарған жұмыстары, соның ішінде коронавирустық инфекциямен күреске қосқан елеулі үлесі үшін алғысын білдірді.
– Мемлекет басшысы отандық вакцинаны әзірлеу бойынша нақты тапсырмалар берген болатын. Қазақстандық вакцина біздің азаматтарымыздың денсаулығын қорғауға айтарлықтай көмектеседі деп сенемін, – деп атап өтті ол.