Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова Instagram-дағы парақшасында қалай бақытты отбасы болудың құпиясын айтты деп жазды turkystan.kz oinet.kz-ке сілтеме жасап.
Оның айтуынша, жаңа түскен келін бәріне шыдамдылық пен сабырлылық таныту керек.
«Толыққанды отбасы болу – әрбір отбасы үшін ең қиын бұралаң жолдармен келетін толлассыз бақыт. Отқа түссе жанбайтын, суға салса батпайтын, өз жанұясының ұрпағының мәңгілік бақыты үшін, тіптен, өз бақытын құрбан санауға да баратын әйел аналар түбінде бүкіл әулетке қадірі артқан ана болатынына күмәндарыңыз болмасын. Келіндеріме де, барша ана атаулыға тілейтінім: сабырмен, еңбекпен, ақылмен келетін – ана бақыты. Жұптарыңыз ажырамай, ер азаматтарыңыздың қолынан мықтап ұстап, ешкімге бермей, ешкімге ұстатпай, абыроймен бірге қартаюларыңызды жазсын Алла!» – деп жазды ол.