«Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көрсету тәртібі

Қала тұрғындарының назарына! Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі «Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру» мемлекеттік қызметін көрсетеді. Бұл мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметі алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтінішті жолдайды және жыл сайын 15 тамыздан бастап 30 қыркүйек аралығында мемлекеттік қызметті көрсету жүзеге асырылады. Қызметтің көрсетілу мерзімі 15 жұмыс күнін құрайды, қызметтің көрсетілу нысаны – электронды түрде.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі:
1)энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алуға өтініші;
2)энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік актісі;
3)энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу үшін шарттардың орындалуын растайтын құжаттар тізімі;
4)станциялардың, электр және жылу желілерінің негізгі және қосалқы жабдығының, ғимараттар мен құрылыстардың техникалық жай-күйі, сондай-ақ тұтынушыларға жылу және электр энергиясын беруді қамтамасыз етуге ұйымдардың алдағы күзгі-қысқы кезеңге әзірлігі туралы энергетикалық сараптаманы жүзеге асыратын сарапшы ұйымның қорытындысы;
5)Электр қондырғыларын пайдаланудың техникалық жай-күйі мен қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдардың басшыларында, мамандарында техникалық пайдалану қағидалары мен техника қауіпсіздігі қағидаларын білуіне біліктілік тексерулерден өтудің оң нәтижесі болуы.
Білімін біліктілік тексеруден өтуі қажет басшы лауазымға тағайындалғаннан кейін бір айдан кешіктірілмей немесе техникалық басшы бекіткен үлгілік немесе жеке даярлау бағдарламасында көрсетілген мерзім өткенге дейін лауазымға тағайындалған немесе ауысқан кезде басшыны лауазымға тағайындау туралы қолданыстағы бұйрықты қоса беру қажет.
Бұл ретте, егер даярлаудың үлгілік немесе жеке бағдарламасындағы мерзім бір айдан асса, онда техникалық басшы бекіткен мерзім де қоса берілуі қажет. Осы тармақта көрсетілген құжаттарды Портал арқылы берген кезде олардың электрондық көшірмелері қоса беріледі.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін Қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.
Қызметтің қорытындысы, яғни қызмет көрсетілгені немесе бас тартылғаны туралы ақпарат әр азаматтың «электрондық үкімет» веб-порталындағы жеке кабинетіне хабарландыру ретінде келіп түседі.
Осы заңдарға сілтемені төменде көрсетілген QR-кодты сканерлеу арқылы толық көре аласыздар.

А.Алимбетова,
Тараз қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметті мониторингілеу бөлімшесінің басшысы

Comments (0)
Add Comment