Енді қазақстандықтарға ЭЦҚ қажет болмайды

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысын өтті, деп хабарлайды Экспресс К

Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Күн тәртібінде электронды-цифрлық қолтаңбадан бас тарту, халыққа қызмет көрсету орталықтарынан құжаттар алу, емханаға тіркелу және бизнеске арналған қызметтерді жетілдіру мәселелері қарастырылған.

 

Біз халыққа электрондық қызметтерді пайдалану ыңғайлы екеніне көз жеткізуіміз керек. Қазір QR арқылы қол қою механизмі әзірленді, ол ыңғайлы және қауіпсіз. Оны барлық порталдарға енгізу ғана қалды, — деді министр.

 

Кейбір жағдайларда қызмет алушылар қандай да бір құжаттың дайын болғаны туралы СМС хабарлама алып, ХҚКО-ға келгенде оның әлі жеткізілмегенін біліп жатады. Министрдің айтуынша, жақын уақытта адамдар халыққа қызмет көрсету орталықтарына қайта келмей, қызметтерді электрондық түрде, уақытында алатынын болады.

Сондай-ақ, жақын арада емханаға тіркелу процесін толық автоматтандыру жоспарлануда. Мұндай бастаманы Денсаулық сақтау министрлігі ұсынды. Яғни, өтініштер қағаз түрінде қаралмайды, жүйенің өзі бәрін тексереді және тіркейді, ал көшкен кезде адамға жаңа тұрғылықты жері бойынша емхана ұсынылады.

 

Сонымен қатар, Әділет министрлігінің бастамасымен деректерді өзгерту процестерін жеңілдету, мысалы, тіркеу мекенжайын өзгертуге қатысты ұсыныс қаралды. Бұл қызмет банктердің қосымшаларында қолжетімді болады. Тек техникалық тұрғыда іске асыру ғана қалған.

 

«Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметтер үшін төлем енгізу жағдайы талқыланды. Шетелдіктердің қызмет алуы кезінде ақы төлеу жүйесін енгізуге баса назар аударылды. Мен мүдделі мемлекеттік органдардағы (Ішкі істер министрлігі, Әділет министрлігі, Қаржы министрлігі) мен Үкіметтегі әріптестеріме азаматтарға келесі жылдан бастап шетелдіктер үшін төлем енгізу механизмін әзірлеуді тапсырдым», — деп жазды цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.

Comments (0)
Add Comment