Нұр-Сұлтан қаласында 13 жасар қызды ата-анасы іздеп, кейін оның достарымен түнгі клубқа барғаны анықталған, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Қыздың ата-анасы кеш түскенде полиция бөлмішесіне хабарласып, жасөспірімнің жоғалғанын хабарлаған. Қызметкерлер13 жасар қызды іздестіруге жұмылдырылды. Нәтижесінде ертеңіне қыздың әжесінің үйіне барғаны анықталды. Сарыарқа ауданының ювеналды полиция қызметкерлерінің мәліметінше жасөспірім түнгі 22:00 мен 02:00 аралығында достарымен бірге Бөгенбай батыр даңғылы бойындағы түнгі клубтардың бірінде болған.
Бақылаудың болмауына және кәмелетке толмаған баланың түнгі уақытта ересек адамсыз ойын-сауық мекемесіне бару болжамына байланысты ата-анасы ҚР ҚК 442-бабының 1-бөлігі бойынша айыппұл салу арқылы жауапкершілікке тартылды. Осындай фактілердің алдын алу мақсатында профилактикалық әңгімелер жүргізілді. Ал қыз барған клуб иесіне қатысты ҚІЖК-нің 132-бабы бойынша 10 АЕК көлемінде айыппұл салуды қарастыратын әкімшілік іс қозғалды.
Осыған ұқсас демалыс күндері полиция қызметкерлері ата-ана қарауынсыз түнгі уақытта жүрген 18 кәмелетке толмаған баланы анықтады. Барлық фактілер бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылған.