Елорда тұрғыны 13 жастағы қызға ішімдік ішкізіп, еліткіш дәрі берген

Ақмола облысының Ақкөл ауданына қарасты елді мекендердің бірінде тұратын 13 жастағы тұрғынның еліткіш дәрі-дәрмектер, бірнеше рет алкогольдік ішімдіктер ішкені анықталды деп хабарлады turkystan.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Заңсыз әрекеттерді 2021 жылдың 25 желтоқсаны мен 26 желтоқсаны аралығында 34 жастағы елорда тұрғыны жасаған. Қазір Ақкөл аудандық ПБ тергеу бөлімі бұл дерек бойынша ҚР ҚК 133-бабының 1-бөлігіне («Кәмелетке толмаған адамды қоғамға жат әрекеттер жасауға тарту») сай соталды тергеуді бастады.

«Кәмелетке толмаған адамды алкоголь және құрамында спирт бар өнімдерді, еліткіш дәрі-дәрмекті жүйелі пайдалануға (ішуге) тарту жасөспірімдер маскүнемдігіне әкеледі. Ал баптың санкциясында осы қылмыс үшін 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген», – делінген хабарламада.

Comments (0)
Add Comment