Малика Бектұрова елорда әкімінің орынбасары қызметінен босатылды. Бұл мәліметті әкімдіктің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy. сайтына сілтеме жасап.
«Елорда әкімінің орынбасары Малика Бектұрова басқа жұмысқа ауысуына байланысты 15 желтоқсаннан бастап қызметінен босатылды», – деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
Бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың қызметінен неге кеткенін хабарлаған болатынбыз.